Helen Doron English туралы

1985 жылдан бері Helen Doron English үш миллионнан астам балаға ағылшын тілін екінші ана тілі деңгейінде үйретті.

Дикая қалай басталды?

Қызының Сузуки әдісі бойынша скрипка ойнауды үйреніп жатқанын көріп отырған ана ретінде, Хеленнің ойына бірден жаңа идея келді:
“Егер Сузуки музыка тілін үйретсе, біз неге тілдің музыкасын үйретпейміз?”

Лингвист-ғалым және екі тілде еркін сөйлейтін балалардың анасы ретінде, Хелен бала жаңа тілді көңілді және оңай меңгере алатынын түсінді. Бұл ағылшын тілін оқыту саласына үлкен өзгеріс әкелді.

Жаңа әдістеменің дүниеге келуі

Хелен Дорон 3 айдан 19 жасқа дейінгі балаларға ағылшын тілін ана тілін үйренгендей, оңай сіңіретін ерекше әдістемені әзірледі.

Педагог мамандармен бірге  тиімді түрде білім беретін  мазмұнды бағдарлама жасап шығарды.

Бұл әдіс балалар қызығатын ойындар, ән мен қимыл-қозғалыс арқылы оқыту, баланың шынайы сезімін оятуды қолданады.  

БАЛА БІРІНШІ ОРЫНДА

Балалақ шақ – тіл үйренетін ең тиімді уақыт. Біздің әдістеме осы уақытты пайдаланып ағылшын тілін ғана емес, болашақ өмірінде пайдалы болатын қабілетті үйреуге мүмкіндігін береді.

Оқытуда баланың эмоционалдық және физикалық жағдайын ескере отырып, салауатты өмір салтына бейімделуді үйрететін әдістерді қолданамыз. Біздің негізгі құндылықтарға сүйеніп, болашақ өмірге қажетті дағдыларды үйренеді. Арнайы қосымшалар, онлайн ойындар, музыка мен арнайы ұйымдастырылатын іс-шаралар сыныпта үйренген тақырыптарды  есте сақтауға септігін тигізеді.

Жасөспірімдер мен жеткіншектер үшін біз нейродидактика принциптерін қолданамыз, оларды әдістеме мен оқу материалдарымен үйлестіреміз; нәтижесінде оқу жылдам, оңай, қызықты және сапалы деңгейде өтеді.

Біз ағылшын тілін өмір бойына үйретеміз.